«Самұрық-Қазына» ұрлап алынғанды сатып алумен айналыспаймыз деп, MegaCom-ды сатып алудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Самұрық-Қазына» ұрлап алынғанды сатып алумен айналыспаймыз деп, MegaCom-ды сатып алудан бас тартты

«Самұрық-Қазына» ұрлап алынғанды сатып алумен айналыспаймыз деп, MegaCom-ды сатып алудан бас тартты

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ) MegaCom ұялы байланыс операторын сатып алудан бас тартты, деп жұма күні ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдан Кәрібжанов мәлім етті, деп ҚырТАГ хабарлады.

  • 24 Маусым 2011
  • 346
Фото - Caravan.kz

«Бірден айтайын, біз ұрлап алынған дүниелерді сатып алмаймыз. MegaCom-ға қарамаймыз да, себебі ол даулы дүние және оған бүгін таласып отырғандар көп. Меніңше, ең жақсысы — MegaCom-ды ірі халықаралық компания алғаны дұрыс. Бұл Қырғызстанның инвестициялық климатын сауықтыру тұрғысынан жақсы болар еді», — деді А. Кәрібжанов.

Ол сондай-ақ Қазақстанның «КыргызМобайлКомпани» ААҚ-ны сатып алуға мүдделі еместігін де жеткізді.

«Қазір Қырғызстандағы ұялы байланыс нарығы әбден қаныққанын көріп отырмыз. Демек мұнда бір тұтынушыда екі телефоннан да болуы мүмкін. Ол дегеніңіз «КыргызМобайлКомпани» нарықтың кем дегенде 5%-ын жаулап алуы үшін орасан зор қаражат пен уақыт кетіреді деген сөз», — деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша «Қазақтелеком» АҚ оптикалық талшықты кең жолақты интернет байланыс саласында «Қырғызтелекоммен» ынтықтасуға дайын екенін жеткізді.

«Ынтымақтасатын болсақ, біз «Қырғызтелеком» абоненттерін Шанхайдан Франкфуртқа дейін баратын оптикалық талшықты магистарлға қоса аламыз. Ол қырғызстандық тұтынушылар үшін интернет байланысының жылдамдығын едәуір арттырады. Мұл саудаласатын мәміле емес, бұл біз қарастыруға дайын даму перспективасы»,- деді А. Кәрібжанов.

Бұрын хабарланғандай, Қырғызстан «КыргызМобайлКомпани» акцияларының бақылау пакетін алғашқы $92 млн бағамен саудаға қоймақшы. Қырғыздар Қазақстанның сатып алғанын қалаған болатын.

Сондай-ақ, Қырғызстандық БАҚ-тар бейсенбі күні ҚР үкіметі «Самұрық-Қазынаға» «Альфа-Телеком» ЖАҚ (бренд MegaCom) үкіметке тиесілі 49% акциясын ұсынбақ деп хабарлағанды.

Соңғы жаңалықтар