«Сандық Қазақстан» бағдарламасы МЖС арқылы жүзеге асырылады - Ә.Исекешев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сандық Қазақстан» бағдарламасы МЖС арқылы жүзеге асырылады - Ә.Исекешев

«Сандық Қазақстан» бағдарламасы МЖС арқылы жүзеге асырылады - Ә.Исекешев

«Сандық Қазақстан» бағдарламасын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жүзеге асыру көзделуде. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

  • 6 Сәуiр 2016
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Шешім қабылданды. «Ақпараттық Қазақстан» бағдарламасы аясында  атты жаңа бағдарлама қабылданады. Бұл бағдарлама -пилоттық режимде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жүзеге асырылатын алғашқы бағдарламалардың бірі болмақ. Мемлекет енді ақпараттық жүйелерді тікелей қаржыландырмайтын болады. Тек стратегиялық және құпия ақпараттық жүйелер қаржыландырылады. Қалғанына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік моделі қолданылады», — деп атап өтті министр «Сандық Қазақстан» бағдарламасының қатысушыларымен болған кездесуінде. 

«Мағынасы мынада: мемлекет ауылдарға кең жолақты интернетті енгізу тетіктерін жасақтайтын болады. Біз қазір осы міндетті қалай атқаратындығымызды ойластырып жатырмыз. Біздің мақсатымыз ауылдарды жақын жылдары кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету», — деп атап өтті ол.

Министрдің айтуынша, негізгі басымдық осы салада жоғары білікті мамандарды даярлауға беріледі.

«Біріншіден, инженерлер мен бағдарламашыларды отандық ЖОО-ларда жаппай дайындайтын боламыз. Оның үстіне «Электронды денсаулық сақтау және білім беру» бағдарламалары қабылданады, сол кезде жергілікті оқытушылар мен дәрігерлерді компьютер негіздеріне үйрету керек болады», — дейді Ә.Исекешев.


Министр киберқауіпсіздік мәселелері де өте маңызды болатындығын атап өтті.

«Біз бұл мәселеге де үлкен мән беретін боламыз. Айта кетерлігі, салаға жеке инвестицияларды тартуға негізделген мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің қызметтік моделі басымдыққа ие болады. Біз бұған өзіміздің қазақстандық компаниялардың қатысқанын қалаймыз», — деді Ә.Исекешев.

«Сандық Қазақстан» бағдарламасы 2025 жылға дейін межеленген. Оған Huawei, Cisco және Microsoft сынды әлемдік компаниялар қатысуға ниет танытып отыр.