Жарияланды: 450

Санкт-Петербор өкіметі отандастарын қолдауға 224 миллион рубль бөледі

Ресейдің Солтүстік елордасының өкіметі шетелдерде тұрып жатқан ресейлік отандастарын қолдау мәселелеріне айрықша назар аударуда.

Олармен достық байланыстарды нығайтуға алдағы үш жылға қала бюджетінен 224,5 миллион рубль бөлініп отыр. Атап айтқанда, жас отандастар үшін дәстүрлі форум өткізу, шетелдерде тұрып жатқан тұрмысы төмен жерлестердің балаларына жаңажылдық сыйлықтар тапсыру, ардагерлерге арналған медициналық жабдықтар жеткізу, жерлес-суретшілердің көрмелерін ұйымдастыру, шетелдерге радиохабарлар трансляциялау қарастырылуда, Бұл бағдарламаға сәйкес, әлемнің 25 еліндегі петерборлықтарға қолдау көрсету жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін