Сапалы интернеттің болмауынан ауыл мұғалімдері қиындық көріп отыр – депутат - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сапалы интернеттің болмауынан ауыл мұғалімдері қиындық көріп отыр – депутат

Сапалы интернеттің болмауынан ауыл мұғалімдері қиындық көріп отыр – депутат

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Шаймардан Нұрымов жылдамдығы жоғары интернеттің жоқтығынан ауыл мұғалімдерінің қиындық көріп отырғанын айтты.

  • 2 Мамыр 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

Ол депуттаттық сауалын Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елімізде ақпараттық технологияларды енгізу барысы көптеген шаруаны атқаруды талап етуде. Әсіресе ауылдық жерлер интернет желісімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етіліп отырған жоқ. Ауыл халқы сапалы интернеттің жоқытығынан электронды үкімет, банк қызметтері және басқа да қажеттіліктерге қол жеткізе алмауда. Оған Мәжіліс депутаттары өткен айларда өңірлерге іс-сапары кезінде көз жеткізді», — деді депутат.

Ол мысал ретінде Алматы облысындағы бірнеше елдімекен тұрғындары ұялы байланыс сапасының нашарлығынан қиындық көріп отырғанын айтты.

«Орта білім саласында енгізілген жаңалықтар «Күнделік.кз», «Білімлэнд», «Оқулық.кз» жүйелері бойынша жұмыс істеу, олар бойынша есеп толтыру мұғалімдерге жүктелген. Ондағы мақсат мұғалімдерді қағазбастылықтан арылтып, уақытын бала тәрбиесіне көбірек бөлсін деген ниет болды. Ал ауыл мұғалімдері жоғары жылдамдықты интернеттің жоқтығынан сабақтан кейін жылдамдығы жоғары интернеті бар шалғай жерлердегі елдімекендерге барып есептерін өткізіп жатыр екен. Яғни біз жағдайды оңалтудың орнына одан сайын күрделендіріп, мұғалімдерді әуре-сарсаңға салып жатырмыз. Сондықтан интернетпен қамтылған ауылдардағы интернет қызметінің сапасын күшейту, яғни 20 Мбитке дейінгі жылдамдықпен жұмыс істейтін интернетпен қамтуды қолға алу қажет болып отыр», — деді Нұрымов.

Депутат оған дейін қажетті деңгейдегі интернетпен қамтылмаған ауылдық жерлердегі мұғалімдерді жоғарыда аталған бағдарламалармен есеп беру міндеттерінен уақытша босатуды қарастыруды ұсынды.


«Сондай-ақ ауылдық елдімекендерді интернетпен қамту, ұялы байланыс операторларының қызметін пайдалану неге кеңінен жүзеге асырылмай келеді? ҚР «Байланыс туралы» заңында ауылдық жерлерге қызмет көрсетілген жағдайда олардың шығыны субсидияланатыны нақты көрсетілген. Осы заң нормасын қолдану қазіргі кезде қаншалықты жүзеге асырылып жатыр? Елімізде қызметі жақсы дамыған ұялы байланыс операторларының қызметін субсидиялау арқылы аталған мақсатты жүзеге асыру дұрыс деп ойлаймыз. Тағы бір ұсыныс, біздің еліміздегі жоғарыда айтылған мәселелерді әлемдегі телекоммуникациялық қауымдастық қажетті радиожиілік алуға бейімделген технологиялық бейтараптылықты енгізе отырып шешіп жатыр. Осындай технологиялық жаңалық енгізуді біз қашан қолға аламыз?» — деп сұрады депутат.

Сондай-ақ, Нұрымов ауылдық жерлерді сапалы интернетпен қамтамасыз ете отырып, тұрғындардың оны пайдалану қабілетін арттыру қажет екеніне тоқталды. Әсіресе мүгедектер мен зейнеткерлер үйлерінде отырып, өздеріне қажетті қызмет түрлерін алуды жетік меңгерсе еліміз үшін үлкен жетістік болар еді дейді ол.

 

Соңғы жаңалықтар