Сапарбаев PetroKazakhstan мұнай компаниясының президентімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сапарбаев PetroKazakhstan мұнай компаниясының президентімен кездесті

Сапарбаев PetroKazakhstan мұнай компаниясының президентімен кездесті

Астана. 18-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев PetroKazakhstan мұнай компаниясының президенті Бо Чилянмен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі аталмыш министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Ақпан 2008
  • 432
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кездесу барысында ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік, еңбек қатынастары жөніндегі мәселелер талқыланған.

Б. Сапарбаев Бо Чилянмен болған әңгіме кезінде Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы әлеуметтік маңызды жобалар бойынша компания жүргізіп отырған жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, компания басшылығы жергілікті және шетелдік мамандардың айлық жалақыларында айтарлықтай айырмашылыққа жол бермеуге тиіс екенін атап көрсетті.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, PetroKazakhstan басшысы компания үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығы жөнінде толық түсіністік білдіріп, министрлікпен және жергілікті атқару органдарымен әлеуметтік маңызды жобаларға қатысу туралы меморандумға қол қоюға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті