"Сақ болыңдар!": Өнер адамдары қолшам, дәрі-дәрмек, құжаттарын салып дабыл сөмкесін жинап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сақ болыңдар!": Өнер адамдары қолшам, дәрі-дәрмек, құжаттарын салып дабыл сөмкесін жинап жатыр

"Сақ болыңдар!": Өнер адамдары қолшам, дәрі-дәрмек, құжаттарын салып дабыл сөмкесін жинап жатыр

Өнер адамдары желіге жер сілкінісі бола қалған жағдайда аса қажетті заттарын сөмкеге жинап, дайындалған видеоларын жүктеуде. Және елді "Сақ жүруге" үндеп жатыр.

  • 6 Қаңтар 2023
  • 8344
Фото - Caravan.kz

Мәселен, мұндай бастаманы әнші Бүркіт пен оның жары Аиша көтерген, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа-порталы.

Дабыл сөмкесіне жұлдызды жұп қолшам, спирт, балауыз шам, телефон қуаттағышы, бір бума ақша, термос, оттық, рация, дәрі-дәрмек, құжаттарын салған. 

"Соңғы орын алған жер сілкісінен кейін дабыл сөмкесін жинауды жөн көрдік. Құдай сақтасын не болса да. Дегенімен де, сақ болыңыздар", — дейді олар. Және эстафетаны әріптестері Луина, Нұрлан Албан, Анара Батырханға жолдаған. 

Эстафетаны қабыл алған Нұрлан Албан да халыққа өз үндеуін жасап, видеосын желіге жүктеді. 


Соңғы жаңалықтар