"Сақау алаяқ қатынның айы оңынан туған екен. Мыстан кемпір": Халық Айнұр Тұрсынбаева жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сақау алаяқ қатынның айы оңынан туған екен. Мыстан кемпір": Халық Айнұр Тұрсынбаева жайлы

"Сақау алаяқ қатынның айы оңынан туған екен. Мыстан кемпір": Халық Айнұр Тұрсынбаева жайлы

Айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаеваға халық неге наразы? Оның тікелей эфирінде отыратындар кімдер? 

  • 12 Ақпан
  • 30680
Фото - Caravan.kz

Ақпарат фейсбук желісінде тарады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

"Әрі қарай тыңдауға жүйкем шыдамады…

Инстаграмға сирек кіремін. Бүгін бұл жақта не болып жатыр деп қарап көргенмін. Айнұр Тұрсынбаеваның тікелей эфиріне көзім түсіп 5 минут тыңдап шықтым. Бір мезгілде 3 800 адам көріп отыр. Халық сұрақтар қоюда. Сұрақтардың мәтіні былай:

1. Буындарым ауырады. Не істейін?

2. Торт жегім келе береді. Қалай қойсам болады?

3. Ағам арақ ішіп кетті. Қалай қойдырамын?

4. Басым ауырады. Не істесем болады?

6. Бай болу үшін не істеу керек?

7. Емтиxанды жақсы тапсыру үшін қандай аффирмация айтасыз?

9. Қалай үйді тез сатуға болады?

11. Үйімді залогтан шығаратын аффирмация туралы айтыңызшы.

12. Менің апам мен жеңгемнен басқа араласатыным жоқ. Сол дұрыс па?

13. Қызғаншақ мінезді қалай жеңуге болады?

14. Үйді сату бойынша аффирмация атыңызшы.

Әрі қарай жүйкем шыдамады тыңдауға.

Айнұр xаным да сұрақтарға рет ретімен сарт-сарт жауап беріп отыр. Бір өзі бір мезгілде көз дәрігері, риелтор, псиxолог, бизнес-тренер, экономист, финансист, қысқасы бар тақырыпта сартылдап жауап беріп отыр.

Сонда біздің xалықтың санасы мен деңгейі осы болып тұр ғой. Уот, жарылып кетсең де xалқыңның деңгейі осы ғой енді.

Ол ақын. Қайдан біледі ол үйіңді қалай сату керектігін, қалай бай болуға болатынын, жігітіңмен, күйеуіңмен арадағы мәселені қалай шешу қажеттігін, көзіңді қалай емдеу керектігін??? Біздің xалықтың санасы мен деңгейі соншалықты төмен ба?

Қазақ кім көрінгенге сенгіш әрі тыңдай беретін менталитеттің деңгейінде жүр. Егер ел таныған әнші не жұлдыз болсаң өмірдің бар саласын жілікше шағатын ақылды адам деп ойлайды ғой деймін.

P.S. Менің ойымша мына деңгеймен біз Европа мемлекеттерінің өркениетті қоғамына алдағы 50-60 жылда жете алмаймыз. Сенгіш, әркімді бір тыңдай беретін, оң мен солын танымай адамзаттың даму деңгейінен соншалық артта қалған қоғамымыз бар. Өкінішті…", деп жзады. 

"Осы сұмырайды көрсетпеңдерші?Алаяқ өтірікші байдан байға тиіп семьясын ойламайтын жалмауыздан қандай ақыл аласыңдар?", "Бір базарда ақсақ қой пұл болыпты дегендей.Сақау алаяқ қатынның айы оңынан туған екен.Халық та ақыл сұрайтын сүмелекті тапқан екен", "Тыңдап отырғандар мәңгүрттер шығар. Аинұрдың жемтіктері", деп жазды қолдау білдірген оқырмандар. 

 
 
 
Соңғы жаңалықтар