Сарапшылар 2015 жылы Қазақстанда бір доллар бағамы қанша болатынына божам жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарапшылар 2015 жылы Қазақстанда бір доллар бағамы қанша болатынына божам жасады

Сарапшылар 2015 жылы Қазақстанда бір доллар бағамы қанша болатынына божам жасады

2015 жылы Қазақстанда бір доллар құны 180-210 теңге аралығында болмақ.

  • 19 Желтоқсан 2014
  • 2543
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы  сарапшылар мәлім деді. 
«Асыл Инвест» АҚ сараптама департаментініңі директоры Айбар Бәйкеновтің айтуынша, 2015 жылы теңге біртіндеп құнсызданып, 1 доллар құны белгіленген 170-188 теңге аралығында жоғарылай бастайды.
«Егер рубль мен мұнай төңірегіндегі ахуал тұрақтанған жағдайда Ұлттық банк күрт өзгеріс жасай қоймайды деп ойлаймын. Реттеуші орган әлеуметтік қауіп-қатерлерді, халықтың төлем қабілетінің нашарлайтынын, ұлттық валютаға деген сенімнің жойылатынын, инфляцияның өсіп, банк секторындағы ахуалды қиындайтынын ескере отырып, әліптің артын бағады деп ойдаймын. 3-6 ай бойы мұнай мен рубльдің аңысын аңдып көреді», — дейді А.Бәйкенов.
«Біздіңше, девальвация жылына 3-4 пайыз деңгейінде жүргізілгені дұрыс», — дейді А.Бәйкенов.
IFC Markets сарапшысы Дмитрий Лукашовтың пікірінше, 2015 жылы 1 доллар бағамы 210 теңгеге жетуі мүмкін. Теңгенің құнсыздануына көмірсутегі ресурстарының арзандауы түрткі болуы мүмкін, дейді ол.
Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаевтың айтуынша, келер жылы валюта айырбастау бағамы мұнай бағасы мен Ресейдегі жағдайға, сондай-ақ, ҰБ ақша-несие саясатының сенімділігіне байланысты болмақ.
«Альпари» сарапшысы Анна Бодрованың ойынша, 2015 жылы доллар бағамы қазіргі 180-186 теңге аралығында болмақ.