Жарияланды: 580

Сарапшылар 29 қазанда Еуразиялық экономикалық интеграция мәселелерін талқылайды

Сарапшылар 29 қазанда Еуразиялық экономикалық интеграция мәселелерін талқылайды

Мәскеуде 29 қазанда Еуразиялық экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі X халықаралық конференция өтеді, деп хабарлады БЕЛТА.

Конференцияға Еуразиялық экономикалық комиссия, министрліктер, ведомстволар, ұлттық компаниялар басшылары, Еуразиялық даму банкіне қатысушы мемлекеттердің ғылыми және іскерлік орталарының өкілдері, шетел ғалымдары, сарапшылары қатысады.

 «Конференция аясында экономика, валюта-қаржы интеграциясының негізгі салаларындағы ынтымақтастықтың стратегиялық бағыты, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы одан әрі мемлекетаралық өзара іс-әрекетті нығайту мәселелерін талқылау көзделген», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ағымдағы жылы конференция уақытында «Еуразиялық интеграция және даму - XXI ғасыр» атты шығармашылық байқаудың луреаттарын марапаттау рәсімі өтеді. Бұл Еуроазиялық даму банкі 2015 жылғы сәуірде жариялаған өңірлік экономикалық интеграция және өңір елдерінің орнықты даму проблемалары бойынша бұқарлық ақпарат құралдарында жарық көрген үздік материалдар байқауы.

Еске сала кетсек, Еуроазиялық даму банкінің алғашқы халықаралық конференциясы 2008 жылғы қазанда Алматы қаласында өткен.

Ал Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының басшылары 2014 жылғы 29 мамырда қол қойған болатын.

Айта кеткен жөн, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта  халықаралық ұйымдарға тән базалық аспектілер, мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ Одақтың мүше-мемлекеттерінің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары көрініс тапқан.

Бұған қоса, шарт Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған және тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын, үйлестірілген экономикалық саясат жүргізуді қарастырады.

Жалпы алғанда, келешектегі интеграциялық тиімділік 2030 жылға қарай ІЖӨ-нің жиынтық өсімі 900 миллиард доллар көлемінде болатындығымен бағаланып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ теңдік, негізділік, жүйелілік, прагматизм және өзара тиімділік қағидаттары негізінде құрылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін