Сарапшылар ең қауіпті көлік түрлерін атады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарапшылар ең қауіпті көлік түрлерін атады

Сарапшылар ең қауіпті көлік түрлерін атады

Жол қауіпсіздігі сақтандыру институты (IIHS) 2009-2012 жылдардағы өлімге әкеп соққан жол апаттарының статистикасын талдады. Рейтингке бірнеше көліктің бір көлікпен соқтығысқан апаттары және аударылған көлік апаттары енгізілді.

  • 3 Ақпан 2015
  • 318
Фото - Caravan.kz

Қауіпті көліктер: Kia Rio (1 млн тіркелген көлікке шаққанда, 149 құрбан), Nissan Versa Sedan (130), Hyundai Accent (120), Chevrolet Aveo (99).   Шағын литраж  бен   кішкентай автокөліктер нашар көліктер тізімінде тұрғанына таң қалмауға да болады, дейді IIHS-ден: олар шағын болғандықтан, жүргізушіні қорғай алмайды. 

 Ал қауіпті көліктердің 10-тобына спорткар Chevrolet Camaro Coupe, пикап Chevrolet Silverado 1500 Crew және  екі есікті Honda Civic, екі есікті Hyundai Accent, Nissan Versa (ресей нарығында — Nissan Tiida) және Ford Focus кірді.

Құрбандар саны аз болған машина түрлеріне Audi A4, Honda Odyssey және Kia Sorento, Lexus RX 350, Mercedes-Benz GL, Subaru Legacy, Toyota Highlander, Toyota Sequoia және Volvo XC90 кіріп отыр.   IIHS-тегілер: «ең қауіпсіздері — жол талғамайтын көліктер, өйткені олар үлкен, он жыл бұрынғыға қарағанда жиі аударылмайды» деген пікірде.