Сарбаздардың неден уланғаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарбаздардың неден уланғаны белгілі болды

Сарбаздардың неден уланғаны белгілі болды

Петропавлдағы 75 сарбаздың осыдан бір ай бұрын неден ұшынғаны бүгін белгілі болды. Жұқпалы дерттің қоздырғышы әскери бөлімге тамақ таситын фирма қызметкерлерінен келіпті.

  • 14 Желтоқсан 2013
  • 224
Фото - Caravan.kz


Сол жолы түскі астан кейін іштері өтіп, қызулары көтерілген жауынгерлер жаппай төсекке таңылған болатын. Жағдайлары ауыр бесеуі бір апта бойы ауруханада емделді. Асхана қызметкерлерін тексерген санитар дәрігерлер   ыдыс жуатын әйел мен оның әріптесінен сальмонелез қоздырғышын тапқан.  Сарбаздардың денсаулықтарының сыр беруіне осы инфекция себеп болса керек.