«Сарыарқа» кемесі суға жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сарыарқа» кемесі суға жіберілді

«Сарыарқа» кемесі суға жіберілді

Бүгін оралдықтар Отан қорғаушылар күнін ерекше атап өтті. Аймақта жаңа артиллериялық «Сарыарқа» кемесі суға жіберілді. Жергілікті «Зенит» зауыты Қорғаныс министрлігіне арнап бірнеше кеме жасап шығарған.

  • 8 Мамыр 2014
  • 272
Фото - Caravan.kz

 «Сарыарқа» әскери кемесін жасауға екі жылға жуық уақыт кеткен. Алып теңіз транспортының құрылысы күрделі. Бірнеше қозғалыс құрылғылары және артиллериялық, зениттік қондырғылармен жарақталған. Енді бірнеше күннен кейін кеме Каспийге бет алады. Ал бүгінгі айтулы шараға қала тұрғындары көптеп жиналды. Салтанатты рәсімнен кейін қонақтар бортқа көтеріліп, естелік суреттерге түсті. Қазір зауыт жұмысшылары басқа су көлігін жасауға кіріскен. Маусым айында шекарашыларға арналған жылдам жүзетін катер пайдалануға берілмек.


Бақытжан Әбдірайым, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

–  Жаңадан әскери кемені суға жіберіп отырмыз. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің нығаюына, қорғаныс саласын күшейтуге, жалпы қарулы күштердің дамуына қосып жатқан үлкен үлесі