Әрқайсысы 800 данамен жарық көрген 100 томдық жинақты шығаруға «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында облыс бюджетінен 90 миллион теңге бөлінген екен. Онда Бұқар жырау, Қаздауысты Қазыбек би, Әсет Найманбайұлы, Мәди, Тайжан, Шашубай, Нарманбет, Сәкен Сейфуллин, Қасым Аманжолов көрнекті тұлғалардың барлығын кездестіруге болады. Арқа жеріндегі бертіндегі ақын жазушылардың еңбектері де еленіп, аттары аталған. Жобаның басы қасында жүргендер кітапті іздеп оқудан қалып бара жатқан қазақ үшін жинақтың маңызы зор дейді.
Дидар Амантай жазушы :
-Шығармаларды іріктеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия адал жұмыс атқарды. Оның ішінде қазақ өнеріне қазақ мәдениетіне үлес қосқан адамдардың кітаптары енді. Яғни комиссияның бәрі сын тезінен өтті. Шығармалары кірмей ренжіп қалған адамдар болса оның барлығы кейін қосылады, оның бөліп жаратын ешнәрсесі жоқ Кейінгі кітаптарға енеді деген үміттеміз.