Сәт сапар, жас түлек–2021! Бүгін Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәт сапар, жас түлек–2021! Бүгін Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылады

Сәт сапар, жас түлек–2021! Бүгін Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылады

Бүгін, 25 мамырда Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылады. 9 және 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау мектеп ауласында өтеді.

  • 25 Мамыр 2021
  • 82
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2020-2021 оқу жылын 3,4 миллионнан астам оқушы аяқтайды.

Оның 150 мыңға жуығы 11 (12) сынып түлегі.

Ал оның ішінде "Алтын белгіге" 9 822 оқушы үміткер болып отыр.

Осылайша оқушылар 26 мамырдан бастап демалысқа шығады. Қашықтан оқыту кезінде үлгерімі нашарлаған оқушылар үшін олқылықтың орнын толтыру мақсатында жазғы мектептер ашылады. Ол 19 маусымға дейін жұмыс істейді. Мектеп тегін болады және үлгерімі төмен балаларға басты назар аударылады. Жазғы мектепке қатысқысы келген кез келген оқушының ата-анасы өтініш жазуы керек.

Ал мұғалімдер 56 күнге еңбек демалысына шығады. Еңбек демалысының уақытын ұзарту қарастырылмаған.

Соңғы қоңырау қалай өтеді

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мектептерде соңғы қоңырау қалай өтетінін, оқушыларға сертификаттар қалай табысталатынын айтты.

Соңғы қоңырау рәсіміне 9 және 11 сынып түлектерімен бірге әр түлектің ата-анасының біреуі немесе қамқоршысы қатыса алады. Шараға қатысатын мұғалім саны алты адамнан аспауы керек.

Карантинде отырған адамдар, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болғандар бұл шараға қатыспауы қажет. Сондай-ақ мектеп аумағында қонақтардың топтасып жиналуына болмайды.


Соңғы қоңырау рәсімі кезең-кезеңімен жүзеге асады. Демек, бір мектепте бір ғана бітіруші сынып болуға тиіс. Ал іс-шара уақыты 45 минуттан аспайды. Екі сыныптың бітіру шарасы арасында 30 минут үзіліс болады.

Инфекциясын алдын алу мақсатында іс-шарада қол алысып амандасуға болмайды, барлығы медициналық бетперде тағуы қажет.

Соңғы қоңырау соғылған соң жаппай жиналып мейрамхана, дәмханаға баруға тыйым салынған.

Айта кетейік, өткен жылы мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырауы 3-4 маусымда өтті. Сол уақытта мектеп түлектеріне аттестат тапсырылды. Ал 1-ден 10-ға дейінгі сыныпта оқитын оқушылар мектеппен онлайн режимде қоштасқан болатын.