Жарияланды: 350

Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігінің басшысы ауысты

Сауд Арабиясының королі Абдулла бин Абдул Азиз жаңа ішкі істер министрі қызметіне ханзада Мохаммед бин Наифті тағайындады, деп хабарлады араб БАҚ-тары.

Тағайындау ханзада Ахмед бин Абдул Азиздің Корольдіктің ІІМ басшысы қызметінен өз еркімен кетуіне байланысты болды. Жаңадан сайланған ханзада Мохаммед 1975 жылдан бері ішкі істер министрі болған және «Әл-Кайеда» қозғалысына қарсы белсенді күрескер ретінде танымал болған марқұм мұрагер ханзада Наиф Абдул-Азиздың ұлы болып табылады. Ханзада Мухаммед бин Наиф ішкі істер министрінің орынбасары қызметінде лаңкестікке қарсы операцияны басқарған 2009 жылы «Әл-Кайеда» тарапынан шабуылға ұшыраған болатын. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, Сауд Арабиясы ішкі істер министрінің ауысуы Корольдік басшыларының лаңкестікпен және экстремизммен күресті күшейтуге бағытталған шешімімен байланысты болуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін