Жарияланды: 630

Сауд Арабиясы Қазақстанның астық және мал шаруашылығы саласына инвестиция салудан мүдделі

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Сауд Арабиясы Қазақстанның астық және мал шаруашылығы саласына инвестиция салудан мүдделі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының Щучье ауданында өңірдің ауылшаруашылығы құрылымдарының Сауд Арабиясы Корольдігінің үкіметтік делегациясы мүшелерімен кездесуі өтті. Облыс әкімінің орынбасары Қадырхан Отаров шетелдік өкілдерге өңірдің жан-жақты әлеуметтік-экономикалық сипаттамасын таныстырып, облыс экономикасының аграрлық-өнеркәсіптік бағытта екендігін айтып берді. Астық өндірісіне назар шоғырландырған ол осынау ауылшаруашылығы өнімі бойынша облыстың басты көрсеткіштерін атады. Мәселен, былтыр шамамен 5 млн тонна астық жиналған. Облыстың экспорттық әлеуеті 2,8 - 3 млн тоннаны құрады. Ақмола облысының үлесіне еліміз бойынша өндірілген астықтың 25% тиеді. Астық экспортының үлесі бұдан әлдеқайда жоғары, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сауд Арабиясы Корольдігінің үкіметтік делегациясының жетекшісі Ахмед аль-Садхан өздерінің "ауылшаруашылығына, бірінші кезекте, астық және мал шаруашылығына инвестиция салу ниетімен келгенін" жеткізді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін