Сәуірде сыртқы саудада өнімдер бағасы жоғары болды
2011 жылғы сәуірде сыртқы саудада өнімдерге бағаның жоғарылауы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. |
Агенттіктің келтірген мәліметтеріне қарағанда, экспорттық жеткізілімдерге бір айға баға жоғарылауы табиғи газға - 15 пайыз, көмірге - 14,5 пайыз, ферроқорытпаларға - 7,7 пайыз, алюминийге - 3,9 пайыз, мұнайға - 3,7 пайыз, мұнай өнімдеріне - 3,4 пайыз, мырышқа - 2,6 пайызға белгіленген. Ал бағаның төмендеуі сұйытылған пропан-бутанға - 1,5 пайыз, цементке - 1,1 пайыз шамасында болып тіркелді. Сонымен қатар, баға былғарыға - 14,2 пайыз, мақтаға - 13,8 пайыз, жүнге - 5,1 пайыз, темекіге - 0,6 пайызға жоғарылап, керісінше астыққа - 3,2 пайызға төмен болды.
Сонымен қатар, импорттық түсімдерден балық - 14,6 пайыз, кофе - 8,2 пайыз, сырлар мен лактар - 7,6 пайыз, дәрі-дәрмектер - 7,5 пайыз, құс еті - 5,2 пайыз, өсімдік майы - 3,1 пайыз, қант - 2,9 пайыз қымбаттаған. Ал бұнымен қатар маргарин - 9,1 пайызға, аяқкиім - 3,9 пайызға, шай - 1 пайызға арзандапты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін