Жарияланды: 12200

Сәуле Әбілдаханқызы Сайрагүл жайлы: Оның өзі Қазақстанда қалғысы келмеген сияқты

Сәуле Әбілдаханқызы Сайрагүл жайлы: Оның өзі Қазақстанда қалғысы келмеген сияқты

Кеше ғана Қытай Қазақстан шекерасынан заңсыз өткен этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қазақстанда қалмайтыны жайлы ақпарат желіде желдей ескен еді.

Осы жайлы журналист Сәуле Әбілдаханқызы өз ойын Facebook парақшасында жазды.

"Бір емес, бірнеше рет айтқанмын, "Менен бас тартсаң да, АбзалданАбзал Құспан нан бас тартпа, онда билік елден шығарып жібереді, бұл билікке сол керек боп тұр, сенің бас тартқаның керек боп тұр..." деп.
Бәлішке барып күйеуі бізді қаралап сұхбат берді, өзі қайта-қайта видеоүндеу жариялады.
Ақырында С. екеуміз ұрсысып тынғанбыз.
Оған бәріңіз куәсіздер. 
Алғашқы тұтқынға алынған күннен бастап (!), ол бізден дүйім жұртқа жар салып бас тартқанға дейін (!) - ақ адал жүрегімізбен оған шын жанашыр болдық, үлкен жетістікпен аяқталған істер атқардық. Тегін атқардық. Елім деп келген қазақ қой, жан боталарына жете алмай жүрген Ана ғой, Әйел ғой деп, қайтсек те азаматтық алып береміз деп жұмыстандық. 
Абзалдан бір емес, үш рет бас тартты. Соңғысында Абзал, тіпті, ол бас тартып, Омаровамен жұмыс істеуді бастаса да, Талдықорғанға - босқын мәртебесін алу туралы азаматтық іске байланысты алғашқы сот отырысына да барды, "Сайрагүл, әлі де ойлан, мен бастаған ісімді соңына дейін жеткізуге дайынмын..." деді. Халықтың көзінше айтты!
Ол халықтың көзінше тағы да бас тартты!...
Оған да бәріңіз куәсіздер...
Егер сіздер, Абзалды, яки мені кінәлап қаралаушылар, заңнан, құқықтық нормалардан аз-маз хабарыңыз болса, қылмыстық іс пен азаматтық істің не екенін ажырата алар едіңіздер. 
Сайрагүлдің біз араласып, жан берісіп, жан алысқан, қытайлар консулдарымен ашық конфликтіге дейін жеткен ісіміз - оның заңсыз шекара бұзуына қатысты ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС болған. Халықаралық деңгейдегі қылмыстық іс! Ешқандай талқылаусыз депортацияланатын іс! Алайда, бұл істе Абзал адвокат ретінде жарқырай көрінді. Талай халықаралық заңдарды қопарып, зерттеп, оны елде алып қалды. Жай ғана алып қалған жоқ, ТҮРМЕДЕН ДЕ аман алып қалды! Елде қалса да, 1 жыл түрмеде жазасын өтеу қаупі де бар еді. Абзал оны түрмеден суырып алды!!!
Екінші іс - босқын мәртебесін алу туралы АЗАМАТТЫҚ ІС. 
Абзал "Оның да шешімін табуға болады, алгоритм действии санамда сызулы" деп жүрген. Халықаралық заңдық нормаларға, халықаралық көмекке жүгіну үшін АҚШ елшілігіне 3 рет, Германия елшілігіне 1 рет барды, Түркия елшілігімен де байланысты...
Алайда, Абзал періштесін жоғалтып, қайғыдан қан жұтып жүргенде, С. "ол телефоныма жауап бермейді, одан бас тартамын" деп, бір емес, екі видео жариялады...
Бүгін бір жерден оқып қалдым, "періштесінен айырылып жүргенде Абзалдың ол іске құлқы болмады" деп жазды біреу. Әрине, бауыр еті баласынан айырылып отырған адамның сот түгілі, өмір сүруге құлқы болмайды. Мұны басынан өткен адам түсінеді... (мысалы, менің басымнан бұл жағдай былтыр өткенін білесіздер... журналымның жұмысы содан бері тоқтады...) 
Десек те, Абзал "құлқы" болмаса да, кәсіби ЖАУАПКЕРШІЛІГІ өте жоғары адвокат. 
Сондай жағдайда жүрсе де, қызының әлі қырқы өтпесе де, топырағы кеппесе де, күш тауып Абзал Алматыға екі рет келді... Үшінші рет Азаматтық іс бойынша Талдықорғанға дейін барды... 
Ал ол "сенен бас тартамын... Омарова Әмрикамен сөйлеседі..." дегенінен танбады...
Меніңше, оның өзі Қазақстанда қалғысы келмеген сияқты... дүниені дүр сілкіндіретін саяси мәлімдеме жасау үшін шетелге кеткен тиімді шығар...
Саяси мәлімдеме күтеміз енді...
Ал Абзалдың да, менің де ақ адал жүрегімізбен жүгіргенімізді өзіміз білеміз және бір Алла біледі. Біздің жұмысымыз түгел таспаға жазылған күйі менің парақшсмда тұр.
"Көрмес түйені де көрмес".
Обалы көрмегендерге, көре алмағандарға...

Ол туралы, бұл туралы ләм-мим деп ауыз ашпаймын десем де, жан-жақтан қояр емес", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін