Жарияланды: 7900

Сәуле Әбілдаханқызы Сайрагүлдің адвокатына: Мен сенің Сайрауығың, Бәлішің сияқты қылмыс жасаған жоқпын

Сәуле Әбілдаханқызы Сайрагүлдің адвокатына: Мен сенің Сайрауығың, Бәлішің сияқты қылмыс жасаған жоқпын

Танымал тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы өзін жамандаған Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Айман Омарова туралы өз ойын айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Аймандай болған Айман, сенің жадыңды жаңартып қояйын - "Жыл адамы 2019" сыйлығын Абзал Құспан алғанда сазарып, қолыңдағы орамалды лақтырып тастап, теріс қарап шығып кетіп едің. Сол күні Абзал ең жоғары номинацияны алып қойды деп көгеріп жүргенде менімен танысқаныңды ұмытып қалғансың ғой, "Сәуле, маған суреттерді жіберші" деп өтініш жасағаныңды, мен сол жиыннан саған суреттер жібергенімді де ұмытып қалғансың ғой.
Әрине, әдетте қожайынының ақшасы көзін тұмандатқанда құл-құтан оның сөзін сөйлеймін деп, есін жоғалтады.
Иә, мен Сәулемін. Есіңе түспеген шығармын.
Дегенмен мына сауатсыз сөзіңе айтарым, сауатты заңгер мұндай пост жазбас болар. 
Біріншіден, мені куәгер ретінде шақырып жатыр деген сөз - менің үстімнен іс қозғалды деген сөз емес, заңгерсымақ.
Ал шақыртуды алып келген адам бірінші үйге барған, сіңлім мені "үйде жоқ" деген соң, маған звондап, қайда екенімді сұрады да, шақыртуды отырған жеріме әкеп берді. 
Оны видеоға түсірсе не бопты?
5 секунд бұрын "мен келдім, қайда отырсыз?" деп звондаған.
Сол кезде "түсіріп аламын" деп, Құрал айтты. Мен түсіре бер дедім. 
Оны түсіру үшін сенен рұқсат сұрауымыз керек пе еді, сауатты заңгер???
Какой-то суретті менен сұрағанда сондай мәдениетті, ибалы, жалынышты жүзбен мейірлене қараған "мықты" адвокат әйелдің бәліш үшін неғып сідігі бетіне шығып кеткен? 
Бәлішіңді қорғай бер, айдаладағы менде не әкеңнің құны бар? 
Адвокаттық этикет туралы басқа-басқа, сен білмесең, несіне алвокат боп тұмсығыңды керіп жүрсің?
Бәлішті кнб алып кетсе де, өтірік қамап қойса да - бәрібір бәрің жабылып жүріп оны ұлттық батыр жасай алмайсыңдар, оның маскасы сыпырылып қалған.
Мені не үшін "арестовать" ету керек? 
Арестовать етпейді, әрине. 
Сен айтқандай, "для них свой" болғандықтан емес - мен оларға "свой" болмаймын, бол десе де болмаймын, олар маған "свой бол" деп те айтпайды, мұны сен білімді заңгер болсаң жақсы білер едің, түсінер едің. Бірақ бұған сенің өрең жетпей отыр. Оларға мен сияқты эмоциялы адамдар емес, сен сияқты салқынқанды сынаптар, әртістер керек. Мен олардың кез-келген "операциясын" бір эмоцияммен бүлдіріп алуым бек мүмкін, сондықтан олар мен сияқты "эмоциялы ақымақ" адамдарды "свойлық" қызметке алмайды. Ал сен сияқты әртіс қуыршақтардан оларға пайда бар...
Сендей "білгіш" заңгерге мені неге арестовать етпейтінінің тағы бір себебін айтайын: мен сенің сайрауығың, бәлішің сияқты қылмыс жасаған жоқпын, сол себепті мені "арестовать" етпейді. 
Соған білімің, миың жететін шығар", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть