Сәулетші Норман Фостерге ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәулетші Норман Фостерге ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

Сәулетші Норман Фостерге ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

Сәулетші Норман Фостерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді.

  • 13 Желтоқсан 2014
  • 681
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы» Жарлық

 «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Сәулет өнерін дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін сәулетші Норман Фостерге 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                      Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 12 желтоқсан