«Саяхаттан самса жемеңдер»: Алматыда самсаның үстінде жүрген тышқанға байланысты тексеріс басталды (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Саяхаттан самса жемеңдер»: Алматыда самсаның үстінде жүрген тышқанға байланысты тексеріс басталды (видео)

«Саяхаттан самса жемеңдер»: Алматыда самсаның үстінде жүрген тышқанға байланысты тексеріс басталды (видео)

Тұрғындардың шағымынан соң санитар дәрігерлер тамақтану орнын тексерді.

  • 3 Желтоқсан 2020
  • 351
Фото - Caravan.kz

Видеода тышқан самса, бәліштердің үстінде жүріп, жеп жатқаны көрсетілген.

«Жігіттер, «Саяхаттан» самса жемеңдер. Тышқан аралап жүр», – дейді видео

Осыдан кейін Алматы қаласы Жетісу ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Саяхаттағы» дүңгіршекті тексерді.

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов: «Видеода көрсетілгендей тышқан жүрген «Донерная» дүңгіршегі Сүйінбай, 2 мекенжайындағы «Мерей» сауда орталығының аумағында орналасқан. Жұмысшылар киоск ішінде жабдықтарды қайта жөндеді. Дүңгіршек бүгінде жұмыс істемейді», – деп жауап берді.