«Қазір партияларды қаржыландыру мәселесі көтерілуде. Біздің пайымдауымызша, бұл мәселе басқа заңдарда жан-жақты дәйтектелуге тиіс, өйткені , оған қатысты сұрақтар көп», — деп мәлімдеді бүгін мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінде өткен «2008-жылға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының тұсаукесері барысында экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов.
«Бұл мәселені Бюджеттік кодекске енгізу үшін, біз қандай партиялар қалай қаржыландырылатындығына қатысты айқын норма енгізуге тиіспіз», — деді ол. Вице-министрдің айтуынша, «заңнамалық деңгейде шешімін табуға тиіс мәселелер өте көп».
«Тиісінше, осындай заң жобалары қаралған кезде біз тиісті бюджеттік бағдарламаларды қарастыратын боламыз», — деді М. Кұсайынов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті