SCAT компаниясы Ақтау әуежайы маңына қонақ үй кешенін салуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
SCAT компаниясы Ақтау әуежайы маңына қонақ үй кешенін салуды жоспарлап отыр

SCAT компаниясы Ақтау әуежайы маңына қонақ үй кешенін салуды жоспарлап отыр

 SCAT компаниясы Ақтау әуежайы маңына қонақ үй кешенін салуды жоспарлап отыр.

  • 11 Ақпан 2015
  • 478
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы сейсенбі күні Маңғыстау облысының басшылары хабарлады.
Қонақ үй кешені транзиттік жолаушылар мен ұшақтардың экипаж мүшелеріне арналған.
«Біз жер телімін беру жағынан көмектесе аламыз. Оның үстіне, бұл жерде әуежай аумағы мен Ақшүкір ауылы аумағы туралы әңгіме болып отыр. Өйткені, қазір аталған ауылды дамыту жоспары әзірленіп жатыр. Біз қолда бар резервтен жер телімін бөліп береміз», — деді облыс әкімінің орынбасары Рахымбек Әміржанов Ақтауда өткен кеңесте.
Сонымен қатар, SCAT авиациялық керосиннің қымбаттығына байланысты жанармайды Ақтауға жеткізу жолдарын қарастырып, сол жақта сақтауды ойластырып жатыр.
«Былтыр желтоқсан айында Ақтау портында мұнай терминалы ашылды. Оның авиациялық керосин қабылдауға мүмкіндігі бар. Менің білуімше, біздің аймағымызға ұшақтарға арналған жермайды Түркіменбашы МӨЗ жеткізеді. Оны Түркіменстан, Жаңаөзен мен Ақтауды жалғап жатқан темір жол тармағы арқылы жеткізіп, осы жерде сақтауға болады», — деді Р.Әміржанов.