SCAT компаниясының ұшағы Ыстамбұлға кешігіп аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
SCAT компаниясының ұшағы Ыстамбұлға кешігіп аттанды

SCAT компаниясының ұшағы Ыстамбұлға кешігіп аттанды

Сәрсенбі күні SCAT әуе компаниясының Шымкенттен Ыстамбұлға қатынайтын «Боинг-757» ұшағы үш сағат іркіліспен ұшып кетті.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 307
Фото - Caravan.kz

«Бұған әуе кемесінің навигациялық жүйесінің істен шығуы себеп болды», — деп хабарлайды ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

Хабарламаға сүйенсек, кесте бойынша ұшақ Шымкенттен кешкі сағат сегіз жарымда ұшып кетуі тиіс болатын. Алайда, лайнер түнгі 23:39-да ғана аттанып кетті.

Ұшақ бортында экпиаждың бес мүшесі мен 102 жолаушы болған. Қазір аталған фактіге қатысты жан-жақты тексеру жүріп жатыр.