Сексуалды құлдыққа сатып жібергенін білген: Әкесі қызының 19 жастағы жігітін өлітріп, көлік артына салып тастап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сексуалды құлдыққа сатып жібергенін білген: Әкесі қызының 19 жастағы жігітін өлітріп, көлік артына салып тастап кеткен

Сексуалды құлдыққа сатып жібергенін білген: Әкесі қызының 19 жастағы жігітін өлітріп, көлік артына салып тастап кеткен


Вашингтон штаттарының бірінің тұрғыны қызының жігітін өлтірді деп айыпталуда. Марқұм кәмелетке толмаған бойжеткенді сексуалды құлдыққа сатып жібергені анықталған, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме беріп.

  • 3 Қараша 2021
  • 116
Фото - Caravan.kz

60 жастағы Джон Эйзенман бірінші деңгейдегі қылмыс үшін айыпталды. Қазіргі уақытта Вашингтондағы Спокан округінің абақтысына қамалды.

Детективтер анықтағандай, күдікті 19 жастағы жігітті пышақтап, көлік артына денесін тыққан.

Эйзенман оның кәмелетке толмаған қызы Сиэтлге сексуалды эксплуатацияға 1000 долларға сатылғанғанын білген. Марқұм Аарон Соренсонның бұзылған мәйіті өткен айда Спокандағы Шығыс Эверетт даңғылында тастанды көліктен табылды.

Полиция мәліметінше, 2020 жылдың қазанында Эйзенман қызының саудасына жігітінің қатысы бар екенін анықтаған. Ер адам қызын құтқарып, үйіне қайтарған.

Кейінірек ол жас жігітті аңдып, ұрлап әкетіп, байлап, көлік багажнигіне салған. Ол жігітті бірнеше рет басынан ұрып, өлтірген. Содан соң мәйіт салынған көлікті Спокан маңында қалдырып кеткен.

Көлік ауылды аймақта биылғы қазан айына дейін тұрған. Содан соң біреу оны Ист-Эверетт-авенюға апарып тастаған. Ресми өкілдер көліктің артында мәйіт болғанын ол адам білмегенін айтады. Мәйіт көлікті тексере бастағанда табылған. Көлікті тапөан Эмбер Хеллман мен оның жігіті көліктің сол жерде біраз уақыт тұрғанын айтқан.


Полиция Эйзенманның осыған дейін зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс жасамағанын анықтаған.