Сел тасқынынан зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі - Б. Сапарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сел тасқынынан зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі - Б. Сапарбаев

Сел тасқынынан зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі - Б. Сапарбаев

Алматы қаласында орын алған сел тасқыны салдарынан зардап шеккендерге қала әкімдігі мен мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі.

  • 23 Шiлде 2015
  • 419
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихаты барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір сел тасқыны салдарын жою жұмыстары ойдағыдай жүргізіліп жатыр. Жағдай қалыпты күйде.

«Сел тасқыны салдарынан жергілікті немесе республикалық маңызға ие жолдар зақымдалған жоқ. Қала тұрғындарынан алаңдамауларын сұраймыз. Қазір оқиға аймағында селдің салдарын жою жұмыстарына қалалық ТЖД, ІІД, «Құтқару қызметі» кәсіпорны, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі және Ұлттық гвардия тарапынан барлығы 1200 адам мен 167 техника жұмылдырылған», — деді Б. Сапарбаев.