Семей аймағында инкассаторлық броневик тоналған жоқ - Шығыс Қазақстан облыстық ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей аймағында инкассаторлық броневик тоналған жоқ - Шығыс Қазақстан облыстық ІІД

Семей аймағында инкассаторлық броневик тоналған жоқ - Шығыс Қазақстан облыстық ІІД

Семей. 19-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семей аймағында қарулы шабуыл кезінде инкассаторлық броневик тоналған жоқ. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 19 Қараша 2007
  • 410
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 14-қараша күні Семей — Қайнар автожолының 102-ші шақырымында белгісіз тұлғалар құрамында алтыны бар кенді тасымалдап келе жатқан броневикті атқылаған. Көлікте жүргізушіден басқа инкассаторлар мен күзетші болған.

«Инкассатор көлігін алқызыл шетел автокөлігі басып озады. Оның терезесінен инкассатор УАЗ-ға мылтық ұңғысы бағытталған. Ол шамамен автоматты қару болу керек. УАЗ жүргізушісінің кенет солға жасаған шұғыл әрекетінің салдарынан шетелдік көлік тоқтайды. Одан матадан тоқылған бетперде киген ер адам жылдам шығып, кетіп бара жатқан кен тиелген көлікке оқ жаудырған. Шамамен үш шақырым жүргеннен кейін көлік тоқтаған. Себебі, сол жақ дөңгелекке оқ тиген болып шықты», — деп түсіндірді ішкі істер департаментінің қызметкерлері.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, аталмыш оқиғаны ашу үшін шұғыл-тергеу тобы құрылған. Оның құрамына ішкі істер департаментінің криминалдық полициясы, Семей қалалық ІІД мен Абай аудандық ішкі істер органының қызметкерлері кірген. «Қылмыскерлерді іздеуге департаменттің ішкі құрамы толығымен бағытталған», — деп атап көрсетті ведомстводағылар.

«Полиция қызметкерлері жақын арадағы елді мекендердің тұрғындарын, сондай-ақ, жол бойындағы дәмханалардың, жанармай құю бекеттерінің, техникалық қызмет көрсету станцияларының, дүкендердің жұмысшыларын, жолаушы, жүк тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерді бұл қылмысқа қатысты болуына байланысты бірқатар болжамдарды тексеру үстінде», — деп хабарлады департаменттегілер.

Бұрын құрамында алтыны бар материалдарды тасымалдап келе жатқан инкассаторлық броневик тоналды деп хабарланған еді. Ішкі істер департаментіндегілер сол кезде Семейдің Ішкі істер басқармасы толық ақпаратқа ие болмаған деп түсіндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті