Семей әуежайын "Абай жолы" деп атау ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей әуежайын "Абай жолы" деп атау ұсынылды

Семей әуежайын "Абай жолы" деп атау ұсынылды

Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы Семей қаласы филиалының төрағасы, жас ақын Мерей Қарт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

  • 6 Желтоқсан 2018
  • 18
Фото - Caravan.kz

"Тәуелсіздік алғаннан бері әр түрлі мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік нысандар, халықтық маңызы бар орындар қазақшаланып, кеңестік кезеңнің құрсауынан шығып келеді. Түп тамырымызды тереңге тартқан соң, жапырағымыз да ұлттық болмыста жайқалуы керек. Әркім өз ортасынан бастап, жоғарыға (билікке) қозғау салса, «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» дегізбейтін шығар. Мысалы біздің Шығыс Қазақстан облысында орысшаланып кеткен аудандар жөнге келіп, тезге түсіп келеді. Әсіресе белгісіз «тұлғалардың» есімі мен мәнсіз атаулар атын жамылған Өскемен өңірі. 
Осы ретте айта кетпесек сөздің атасы өледі. Ежелден руханияттың астанасы санатындағы Семей қаласы тоғыз жолдың торабында тұр.Жүйткіген отарбалар, Қытай, Ресейге ағылған жүк көліктері қаламыздың үстімен өтеді, тіпті кезінде су жолымен де көрші қалалармен қатынасып тұратын" — деп жазады ақын.

Оның айтуына қарағанда, әуежай мәселесі әлі де шешімін таппаған.

"Ендігі кезекте әуежолы. Әуежолының әбігері әлі басылмай тұр. Астана, Алматы қалаларына тұрғындар осы уақытқа дейін Өскемен арқылы ұшып жүр. Себебі күрделі жөндеу жасалып жатқалы қашан?! Бірақ, көмбіс, төзімшіл халық оған да үйреніп қалды. Жақында іске қосылады деген қуанышты хабарды құлағымыз шалған еді. Сол орайда 40 жылдан кейін жөндеу көріп, жөнге келіп жатқан әуежайды «Абай жолы» деп атасақ деймін. Семей қаласы географиялық жағынан да өте тиімді жерде тұр. Ендігі уақытта халықаралық әуежайға айналып, халықтың игілігіне жұмыс жасайды деп сенемін. Сондықтан күре жолда тұрған, Қарауыл, Жидебай бағытында орналасқан әуежайды "Абай" атындағы xалықаралық әуежай десек, жарасымды естіледі емес пе?! Халық та қолдайды деп зор сенім білдіремін" — дейді Мерей Қарт.

Ол өзінің ұсынысын ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің қолдауын сұрайды.


"Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы сіздің назарыңыздан осы өтініш тыс қалмай, тиісті жерлерге жетсе деймін" — дейді ол сөз соңында.

 

 

Соңғы жаңалықтар