«Ауаның температурасы таңертең минус 26 градус болды, сол себепті бастауыш сыныптарда сабақты тоқтата тұруға шешім қабылданды», -деп түсіндірді басқармадағылар.
Семейдің төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, «күн райының бұзылуы бұдан өзге ешбір қиындық әкелген жоқ, барлық қызметтер қалыпты тәртіппен жұмыс істеуде».
Қатты аяздан Өскеменде де мектептерде сабақ тоқтатылды.
«Бүгін таңертеңгі сағат 6-да ауаның температурасы таңертең минус 32 градусқа дейін тқмендед. Осы себеппен мектептерде 1-4 сыныптар үшін сабақтарды тоқтатуға шешім қабылданды», — деді Өскеменнің төтенше жағдайлар басқармасындағылар.
Гидрометорталық мәліметінше, ағымдағы жылы шығыс Қазақстан облысында ең төмен температура 19 қаңтарда — минус 41 градус тіркелді. «Минус 30 аяз ақпанның ортасына дейін созылалы. Тек үшінші онкүндікте ғана күндізгі оң шаманы көрсетеді», -дейді синоптиктер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті