Шабуыл 14 қараша күні түнде Знаменка — Семей тас жолында болған. «Қаптамалы УАЗ алтын өндіретін «Мезек» кен орнынан құрамында алтыны бар заттарды әкеле жатқан. Машинаны қарулы белгісіз адамдар тоқтатып, ондағы концентраттарды алып, іздерін жасырып кеткен», — деп түсіндіреді басқармадағылар. Шабуыл кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Қазір іс Абай АІІБ-ына беріліп, қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті