Жарияланды: 370

Семей өңірінде рұқсат құжаттарынсыз жанар-жағармай сатып жүрген екі жергілікті тұрғын қамауға алынды

Семей. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Семей өңірінде рұқсат құжаттарынсыз жанар-жағармай сатып жүрген екі жергілікті тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Семей өңірі бойынша қаржы полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, "Шығыс" ықшамауданында өзінің жер үйіне жапсарлас салынған гаражда жанармай мен дизельдік отын сатқан азамат қамауға алынды. Тексеру кезінде одан 1600 литр дизельдік отын мен 100 литр жанармай тәркіленді. Осы тектес заңды Знаменка ауылының тұрғыны бұзған. Онда да жергілікті өз үйінің ауласында заңсыз жанармай сатпақшы болған. Одан 1600 литр дизельдік отын тәркіленді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін