Семей өңірінде Шүлбі су қоймасына батып кеткен балықшылардың мәйіттері табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей өңірінде Шүлбі су қоймасына батып кеткен балықшылардың мәйіттері табылды

Семей өңірінде Шүлбі су қоймасына батып кеткен балықшылардың мәйіттері табылды

Семей. 3-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семей өңірінде Шүлбі су қоймасына батып кеткен балықшылардың мәйіттері табылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің судан құтқару станциясынан хабарлады.

  • 3 Қаңтар 2008
  • 601
Фото - Caravan.kz

«Екі балықшының денесі 30-желтоқсанда табылды, оларды іздеу үш күнге созылған болатын»,- деп түсіндірді станциядағылар.

Бұрын хабарлағанымыздай, 27 желтоқсанда сағат 19 шамасында Шүлбі су қоймасына балық аулауға барған бес адамы бар УАЗ көлігі батып кеткен болатын. 47 және 35 жастағы екі адам батып кетіп, үшеуі аман қалған. Облыстағы ауа райының қолайсыздығының салдарынан Шүлбі су қоймасына батып кеткен балықшылардың мәйіттерін іздеу қиынға соқты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті