Семей өңіріндегі мектептерге көмір жеткізіле бастады
Семей. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Семей өңіріндегі мектептерге көмір жеткізіле бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық білім беру бөліміне сілтеме жасап. |
Қалада 75 мектеп бар, оның 25-і ауылдарда орналасқан. 28 білім беру мекемесі ғимараттарды жылытуға көмір пайдаланады. "7107 тонна көмір жеткізуге байқау жарияланып, онда "Сем Авто XX" ЖШС жеңіске жетті. Көмір 18 тамыз бен 1 желтоқсан аралығында жеткізіледі", - деп хабарлайды білім беру бөлімі.
"Қазір жылыту жүйелері кесте бойынша дайындалуда. 36 мектепте жылыту жүйелері жуылған, бұл 48%-ға тең. 1 қазанға дейін барлық мекемелерде осындай дайындық жұмыстары аяқталады. 15 тамыздағы жағдаймен мектептердің 85% жаңа оқу жылының басталуына орай дайын болды. 11 мекемеде күрделі жөндеу жүргізілуде. Ол 30 тамызға дейін аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін