Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бөкебаев филиалының №10-12 кварталдарында 29,76 текше метр жайқалып тұрған орманның заңсыз кесілу дерегін табиғат қорғау полициясы жол полициясы басқармасымен және орман күзетімен бірлесіп патруль кезінде анықтады.
Большая Владимировка және Ново-Николаевка ауылдарының тұрғындары ұрлық үстінде ұсталды. «Мән-жайды анықтау барысында олардың мемлекеттік номері жоқ «Т-40» тракторымен «Мәди» шаруа қожалығына арнап қарағай кескені анықталды. Браконьерлер қарағайды қолмен кесіп, он күн бойы түнгі уақыттарда ағаштарды Ново-Николаевка ауылынан екі шақарам жердегі «Мәди» мал шаруашылығына тасымалдаған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 291-ші бабының 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті