"Семей орманы" резерватының аумағында 2008 жылдың І жартысында заңсыз ағаш кесудің 110 оқиғасы тіркелген - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Семей орманы" резерватының аумағында 2008 жылдың І жартысында заңсыз ағаш кесудің 110 оқиғасы тіркелген

"Семей орманы" резерватының аумағында 2008 жылдың І жартысында заңсыз ағаш кесудің 110 оқиғасы тіркелген

Семей. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Семей орманы" резерватының аумағында 2008 жылдың І жартысында заңсыз ағаш кесудің 110 оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Шығыс Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 1 Тамыз 2008
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының аумағында заңсыз ағаш кесу және ағаштарды қасақана өртеумен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және оларды ашу жөніндегі жиналыста осындай мәліметтер келтірілді.

ШҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары Жанарбек Бақтыбаевтың хабарлауынша, жыл басынан бері ішкі істер органдары ағаштар мен бұталарды заңсыз отағаны үшін 11 қылмыстық іс қозғаған. Оның алтауы сотқа жөнелтіліп, заң бұзғандар сотталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті