Жарияланды: 1300

Семей полигоны төңірегіндегі аудандардың тұрғындары халықаралық ұйымдардың зерттеу жұмыстарына көңілі толмайды- "Экомузей" үкіметтік емес ұйымы

Семей полигоны төңірегіндегі аудандардың тұрғындары халықаралық ұйымдар өткізетін әртүрлі зерттеу жұмыстарына теріс көзқараста. Жерді қалпына келтіру жөніндегі халықаралық бағдарлама аясында Семей полигонының айналасындағы аудандарға барып қайтқан Қарағандылық "Экомузей" үкіметтік емес ұйымның мамандары осындай тұжырымға келіп отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Қарағанды облысынан.

"Экомузей" ұйымының директоры Дмитрий Калмыковтың айтуына қарағанда, Семейде полигон төңірегіндегі аудандарда қауіпсіз әрі тұрақты егін шаруашылығын қалыптастыру жөніндегі үкіметаралық жобаның орындалуына арналған алғашқы жұмыс бабындағы кеңес өтті. Бұл жобаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлыбритания үкіметінің грантына англияның "Мерена" фирмасы ие болған. Жобаның жалпы құны 600 мың фунт стерлингін құрайды. "Экомузей" үкіметтік емес ұйымы бұл жобаға ақпараттық қолдау көрсетеді. Үкіметтік емес ұйымның мамандары полигон төңірегіндегі қолайсыз аймақты мекенденудің қауіпсіздік ережелері, осы аймақта жерді қалай өңдеу, жайылымды қалай бағып-күту қажеттігі туралы хабардар етуге арналған ақпараттық-насихаттық бағдарлама жобасын жасап шығарды. Семей полигоны аумағының 1400 шаршы шақырымы Қарағанды облысының аумағында орналасып, екі аудан ядролық сынақтардан зардап шеккен деп саналатындықтан бұл проблема Қарағанды облысы үшін де өзекті. Таяу күндерде "Экомузей" мамандары аталмыш жобаға қатысушы аймақтарға тұңғыш рет сапарға шығып қайтты. Сапар нәтижесінде олар жергілікті тұрғындардың әртүрлі халықаралық бағдарламаларға негізінен бей-жай, бірақ көбінесе кері көзқараста екеніне көз жеткізді. "Бұл - Ресейлік және Қазақстандық ғалымдардың аймақтағы ахуалды зерттей бастағанына 12 жылдан асса да жағдайдың ауыз толтырып айтарлықтай өзгере қоймауына тікелей байланысты болса керек ",- дейді Д.Калмыков.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін