Сендер біздің болашағымызсыңдар, Тәуелсіз Қазақстанды көркейтетін сендерсіңдер. Мен сендерге дамып келе жатқан республикамыздың лайықты азаматтары болып өсулеріңе шын жүректен тілектеспін,-деді әкім жасөспірімдерді желтоқсанның 16-ында тойланатын Қазақстанның 15 жылдығымен құттықтай отырып.
Н. Омаров мектеп оқушыларына Семейдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстыра келіп, кездесу соңында ескерткіш сағат пен кітаптар тарту етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті