Жарияланды: 50

Семей тұрғынын ұрып-соғып, 800 мың теңгелік телефонын алып кеткен

Семей тұрғынын ұрып-соғып, 800 мың теңгелік телефонын алып кеткен

Семей қаласы тұрғынының 800 мың теңгелік телефонын ұрлап кетті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ақпан айының басында «102» жедел арнасына қоңырау шалған 51 жастағы ер адам қала көшелерінің қиылысында келе жатқанда белгісіз біреудің өзін ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алғанын айтқан. Осының салдарынан оған 800 мың теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Бородулиха ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр», - деп хабарлады ведомоство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін