Семей. 26 қыркүйек. «Қазақстан Бүгін» – «Шығысэнерготрейд» ЖШС Семей тұрғындарын 28-қыркүйектен бастап электр қуатын беру шектелуі мүмкін екендігі туралы хабардар етті, деп мәлімдеді «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі.
Компанияның PR-менеджері Алексей Проскуяковтың түсіндіруінше, шектеу электр қуатының тапшылығына байланысты енгізіліп отыр. «Шектеуді коммерциялық себептерге байланысты «КЕГОК» компаниясы енгізді. Олар бізге шектеудің 28-қыркүйекте 12 сағаттан бастап енгізілетіндігі туралы хабарлады. Оның қанша уақытқа дейін созылатындығы туралы ақпараттар бізге беймәлім»,- деді А. Проскуряков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті