Семейде 9 ай ішінде жол апатынан 35 адам қайтыс болған - жол полициясы бөлімі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 9 ай ішінде жол апатынан 35 адам қайтыс болған - жол полициясы бөлімі

Семейде 9 ай ішінде жол апатынан 35 адам қайтыс болған - жол полициясы бөлімі

Семей. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде үстіміздегі жылдың 9 айында жол апатынан 35 адам қайтыс болған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қалалық жол полициясы бөліміне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Қазан 2007
  • 502
Фото - Caravan.kz

Жол полициясы бөлімінің ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың 9 айында Семей көшелері мен қала сыртындағы тас жолдарда 195 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 35 адам мерт болып, 205 адам жарақаттанған.

«Жыл басынан бері қалада жүргіншілерді соғып кетуге қатысты 143 дерек тіркелген, олардың 26-ы қайтыс болып, 160 адам жарақат алған. 60 жағдайда жүргізушілер жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалаған. Оларға ең қатаң жаза қолданылатын болады»,- деп атап өтті жол полициясындағылар.

Жедел медициналық көмек көрсету мекемесінің мәліметтеріне сүйенсек, сенбі күні таңғы 8 шамасында 72 жастағы әйел жүргіншіні соғып кеткен. «Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Ол басынан жарақаттанған»,- деп түсіндіріп өтті дәрігерлер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті