Семейде айлық жүру билеті арзандайды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде айлық жүру билеті арзандайды

Семейде айлық жүру билеті арзандайды

Семей. 9-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде қоғамдық көліктердегі айлық жүру билеті арзандайды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің жолаушылар тасымалын басқару орталығынан.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

Тасымалдаушылармен бірге өткен кеңес қорытындысы бойынша 1-ақпаннан бастап айлық жүру билетін 200 теңгеге арзандату туралы шешім қабылданды, енді оның бағасы 1 800 теңге тұратын болады. «Мектеп оқушыларына арналған жол жүру билетінің бағасы бұрынғыдай 500 теңге қалпында қалады»,- деп атап өтті жолаушылар тасымалын басқару орталығындағылар.

Енді Семейдегі жол жүру билеті республика бойынша ең арзан болып табылады, деп санайды қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығындағылар.

Өскеменде айлық жүру билеті 3 мың теңге, ал оқушылардың айлық жүру билеті 1 теңге тұрады.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың 15-желтоқсанынан бастап «Азия Комби» компаниясының негізгі бағыттарда жүретін автобустардағы жол ақысы 10 теңгеге арзандап, 20 теңгені құраған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті