Семейде алты адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде алты адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды

Семейде алты адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды

Семей. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде алты адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Семей қалалық жедел жәрдем станциясынан хабарлады.

  • 18 Ақпан 2008
  • 503
Фото - Caravan.kz

«17 ақпанда пештің ақауынан төрт адам, соның ішінде екі бала зардап шекті», -деді станция меңгерушісінің орынбасары Мәнсия Әукенова. 52 және 28 жастағы әйелдер мен 1 және 5 жастағы екі бала орташа дәрежелі улану белгісімен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Сол күні жедел жәрдем бригадасы қалалық аурухананың токсикология бөліміне 20 жастағы әйел мен 13 жасар қызды моншада уланып қалған жерінен жеткізді. «Моншаны түтін тұмшалап алуы салдарынан адамдар есінен айрылып қалған», -деді М. Әукенова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті