Семейде аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

Семейде аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

Семей. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық басқармадағылар хабарлады.

  • 14 Ақпан 2008
  • 348
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Семейде сынап бағанасы 27 градус аязды көрсетті, осыған байланысты қаладағы мектептерде 1 мен 9 сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды», -дейді басқармадағылар.

Айдың екінші онкүндігінде Шығыс Қазақстанда ауаның температурасы түнде 19-24, кей жерлерде 14 градус төңірегінде болмақ. Ал онкүндіктің аяғына таман сынап бағанасы түнде 28 — 33, күндіз 20 градус аязға дейін төмендейді.

Үшінші онкүндікте сынап бағанасы түнде 6, кей жерлерде 1 градусқа дейін суықтықты, ал күндіз 3 градусқа дейін жылыны көрсетеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті