Бүгін таңертең Семейде ауаның температурасы 25 градус аязды көрсетті. «Суыққа байланысты 1-4 сыныптар үшін сабақ тоқтатылды», — деді М. Дүкенев.
Төтенше жағдайлар басқармасының ақпаратына сәйкес, ақпанның үшінші онкүндігінде күн жылынады. «Осы мерзімде сынап бағанасы түнде минус 6 — 11 градусқа, кей жерлерде 1 градусқа, ал күндіз минус 2 -ден плюс 3 градусқа дейін көтеріледі», — деді М. Дүкенев.
Оның айтуынша, ақпанның 20 мен 29 аралығында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті