Оның ақпараттарына сүйенсек, Семей прокуратурасы «Отбасылық түрдегі № 8 балалар үйі» мемлекеттік мекемеге тексеру жүргізген, нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын бұзуға қатысты бірқатар деректер анықталған. «Атап айтқанда, балаларға қатыгездікпен қатынасу дерегі анықталып отыр. Бұл балалардың болымсыз қылықтары үшін камера тектес тормен жабдықталған жабық бөлмеге қамағандығымен қорытындыланып отыр»,- деді Марат Тұрубаев.
Оның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмағандар қамауда бір күннен үш аптаға дейін болған. «Оларды тек тамақ ішу үшін ғана шығарып отырған және де егер біреулері балалар үйінің әкімшілігіне қарсы келген жағдайда оны тіптен ешқайда шығармай, тамақты «темір торға» әкеп беріп отырған»,- деді прокурор. «Балалар тек матрацтарда немесе тіптен жалаңаш жерде ұйықтаған. Сондай-ақ олардың сабаққа баруларына да рұқсат бермеген»,- деп қосты ол.
Қала прокуратурасының тексеруінің нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының білім департаментіне ұсыныс енгізілген. «Нәтижесінде балалар үйінің директоры қатаң тәртіптік жазаға тартылған, және де осы уақытта ол онда жұмыс істемейді. Ал балаларды темір торға тікелей қамаған екі тәрбиешінің үстінен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты міндеттерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 137 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс Семейдің Ішкі істер басқармасында тергеу сатысында жатыр»,- деп түсіндіріп өтті Марат Тұрубаев.