Жарияланды: 740

Семейде белгісіз зат аулалардағы жемістер мен көкөністерді жойып, бір малды шығынға ұшыратты

Семей. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде белгісіз зат 12 ауладағы жемістер мен көкөністерді жойып, бір малды шығынға ұшыратты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Марат Дүкеновтың айтуынша, төтенше оқиға 3 тамыз күні 23 сағаттар шамасында Мирный ауылындағы Комбинатовская көшесінде болған. "Мұнда бір белгісіз бұлт пайда болды деген дабыл түсті. Соның салдарынан бір ит уланып, бақшалардағы көкөністердің жапырақтары солып қалды", - деп түсіндірді М. Дүкенов. "Оқиға орнына санитарлық-эпидемиологиялық станция қызметкерлері мен әскери зертхана мамандары келіп жетті. Ит жануарлар зертханасына зерттеуге жіберілді. Жануардың өкпесінен еш нәрсе табылмады. Оның не болғаны әзірге белгісіз. Ол газ болуы да мүмкін", - деп атап көрсетті қаланың бас құтқарушысы. М. Дүкеновтың мәліметтеріне сүйенсек, оқиға орнын эпидемиологиялық отряд қызметкерлері де тексерген. Өз баяндамаларында олар Комбинатовская көшесін белгісіз зат улаған деген қорытынды шығарған. "Бұл затты анықтау үшін токсикологиялық зертхана керек. Ол біздің қаламызда жоқ. Экологтармен бірлесе отырып осында жан-жақты сараптама жүргізу керек", - деді М. Дүкенов. Ол жергілікті тұрғындарға тым болмағанда оның қандай зат екендігі белгілі болғанға дейін жемістер мен көкөністерді азыққа пайдаланбауды ұсынды. "Әзірге біз дәрігерлердің адамдарды тексеруі үшін Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдадық", - деп хабарлады төтенше жағдайлар басқармасының бастығы. Тұрғындардың айтуларынша, газды бұлтқа ұқсас белгісіз зат іс жүзінде бау-бақшаны түгелімен жойып жіберген. "Барлығы жоқ болды. Ақпан айынан бері көшеттер отырғызып, күтіп баптаған болатынбыз. Қазір тіпті оларды ұстаудан да қорқамыз. Осы бұлт пайда болған кезде менің көзімнен жас ағып, тамағым жыбырлай бастады. Ал иісі сасыған жұмыртқа тәрізді", - деді зейнеткер Надежда Голованова. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть