Жарияланды: 480

Семейде білім беру қызметкерлеріне қатысты 22 қылмыстық іс қозғалды

Семей. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде білім беру қызметкерлеріне қатысты 22 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы кеше қаржы полициясының Семей өңірі бойынша басқармасынан хабарланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, 22 қылмыстық істің ішінде үшеуі қаланың жалпы білім беретін мектептерінің директорларына қатысты қозғалған. "Мысал үшін, №35 мектептің директорына қатысты сот үкімі заңдық күшіне енді. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы 3-тармағында (Қызметтік жағдайын пайдалана отырып сеніп тапсырылған мүлікті иелену немесе шығындау) және 314-бапта (Қызметтік жалған құжат) қарастырылған қылмысты жасауға айыпты деп тапты. Ол лауазымын асыра пайдалана отырып өзінің туысқанын аула сыпырушы ретінде жұмысқа қабылдаған. Тергеу шараларының барысында аула сыпырушының жұмысын іс жүзінде мектептің техникалық персоналы орындағаны, тиісінше олардың еңбегі төленбегені анықталды", - деп түсіндірді қаржы полициясының басқармасы. "Директордың мүлкі тәркіленіп 1,5 жылға шартты түрде сотталды", - деп атап көрсетті басқарма өкілдері. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін