Семейде бірінші сұрыпты бөлке нанның бағасы 43 теңгеге дейін арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде бірінші сұрыпты бөлке нанның бағасы 43 теңгеге дейін арзандады

Семейде бірінші сұрыпты бөлке нанның бағасы 43 теңгеге дейін арзандады

Семей. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде астықтың тұрақтандыру қорынан бірінші сұрыпты бөлке нан 43 теңгеге сатыла бастады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Семей әкімшілігінің жанындағы кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі Серікбек Бақтажаров мәлім етті.

  • 15 Қазан 2007
  • 436
Фото - Caravan.kz

«Қала әкімі қалалық екі кәсіпорынмен — «СемНан» ЖШС және «Семейдің азық-түлік комбинатымен» меморандумға қол қойған болатын. Солар облыстық тұрақтандыру қорынан астық алып отыр. Оларға қойылған ең басты шарт — бірінші сұрыпты нанды 43 теңгеден, екінші сұрыпты нанды 39-40 теңгеден қымбатқа сатпау»,- деп хабарлады С. Бақтажаров. Қазіргі уақытта қалада 122 сауда орны нанды осы бағаға сатуда.

С. Бақтажаров сондай-ақ, тұрақтандыру қорынан астық аталған екі ірі кәсіпорыннан басқа да шағын наубайханаларға тасымалданатын болады, оларға да дәл осындай шарт қойылмақ, деп хабарлады. «Бізбен жұмыс істеуге 20-ға жуық ұсақ наубайханалар келісіп отыр. Сөйтіп, біз бүкіл қаланы 43 теңгеден қымбат емес нанмен қамтамасыз ете аламыз»,- деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, С. Бақтажаровтың хабарлауынша, «тұрақтандыру қорынан шығарылатын нанның бағасы келешекте арзандауы да мүмкін».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті