Семейде демалуға арналған спорттық алаңқайлар салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде демалуға арналған спорттық алаңқайлар салынады

Семейде демалуға арналған спорттық алаңқайлар салынады

Семейде тұрғындар үшін демалуға арналған қосымша алаңқайлар салынады.

  • 27 Маусым 2016
  • 328
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жергілікті жекеменшік пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары өтініш жасаған, деп хабарлайды 24.kz.

Олардың айтуынша, отбасылық демалыс орындарына еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қызығады. Коммуналдық қызметтің мамандары ол алаңқайлардың қай жерде орналасатынын да анықтап қойыпты. Енді таяу арада 5 нысан іске қосылмақ.

Жыл сайын бұл алаңқайларды күтіп ұстауға бюджеттен қаражат қарастырылып отыр. Істен шыққандары болса, жөндеп отырамыз. Ең бастысы, халық жаппай отбасымен осында келіп, тынығуды әдетке айналдырды, дейді қалалық ТКШ бөлімінің сектор жетекшісі, Жанна Шаймұратова.