Семейде демалыс күндерінде болған 7 көлік апатынан 1 адам қаза болып, төрт бала зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде демалыс күндерінде болған 7 көлік апатынан  1 адам қаза болып, төрт бала зардап шекті

Семейде демалыс күндерінде болған 7 көлік апатынан 1 адам қаза болып, төрт бала зардап шекті

Семей. 19 қараша."Қазақстан Бүгін" - Семейде демалыс күндерінде болған 7 көлік апатында 1 адам қаза болып, 4 бала зардап шекті. Бұл туралы агенттік тілшісіне қалалық жедел жәрдем станциясынан хабарлады.

  • 19 Қараша 2007
  • 517
Фото - Caravan.kz

Станция бастығының орынбасары Мәнсия Әукенованың ақпараты бойынша, 17 қарашада 5 көлік апаты тіркеліп, онда 2 бала қатты жарақат алған. Абай мен Пролетарская көшелерінің қиылысында, «Фольксваген» жеңіл көлігінің жүргізушісі №17 орта мектебінің үшінші сыныптағы екі оқушысын қағып кеткен. Екі бала бас-ми жарақатын алып, облыстық ауруханасына жатқызылды.

Сол күні Момыш-ұлы мен Чайковский көшелерінің қиылысында «Ауди» көлігі ағашқа соғылған. Көлікте болған 6 және 1 жастағы балалар түрлі деңгейде жарақат алып, жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасына жатқызылды. Жас сәби ауыр халде жатыр.

18 қарашада 2 жол көлік апаты болды. » Бірінші жағдайда Би Боранбай көшісінде Джип автокөлігі 22-25 жастағы жігітті қағып өткен. «Жарақат алған жігіт дәрігерлер келмей жатып көз жұмған» «, — деді М. Әукенова.

Тағы да бір жағдай, Абай көшелерінде «Опель» және «Ауди» көліктері соғылған кезде тіркелді. «Көлік жүргізушілері қатты жарақат алған. Алайда, «Опель» көлігінің жүргізушісі қорыққаннан Ертіс өзеніне барып түсіп кеткен. Оны көрген екінші жүргізуші оны уақтылы судан шығарып алды»,-деді М. Әукенова. Суға түсіп кеткен 16 жастағы көлік жүргізушісі суықтанып, қол сынығымен ауруханаға жеткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті